Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ытымақтастық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктелсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов