Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2015 № 727 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 734 қаулысымен
бекітілген
Р/с №
Өңір
1 мың адамға шаршы метр*
1.
Астана қаласы
360
2.
Алматы қаласы
485
3.
Ақмола облысы
153
4.
Ақтөбе облысы
177
5.
Алматы облысы
74
6.
Атырау облысы
259
7.
Батыс Қазақстан облысы
97
8.
Жамбыл облысы
77
9.
Қарағанды облысы
217
10.
Қостанай облысы
209
11.
Қызылорда облысы
95
12.
Маңғыстау облысы
199
13.
Оңтүстік Қазақстан облысы
3
14.
Павлодар облысы
232
15.
Солтүстік Қазақстан облысы
310
16.
Шығыс Қазақстан облысы
166
17.
Қазақстан Республикасы
187
Ескертпе: *Сауда нарықтарындағы сауда алаңын есепке алмағандағы сауда алаңы.