Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Астана қонақ үйі" акционерлік қоғамын құру және "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкметінің 1999 жылғы 12 сәуіріндегі № 405 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамы туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астана қонақ үйі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам)құрылсын.
      2. Қоғамның жарлығы капиталын қалыптастыру Астана қаласы, Абай даңғылы, 47 мекенжайындағы жалпы алаңы 32 308,60 ш.м. "Рамада Плаза" қонақ үй кешені, алаңы 2,5593 га жер учаскесі, жабдық пен мүкәммал түріндегі мемлекеттік мүліктің есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Қоғам қызметінің негізгі мәні қонақ үй қызметтерін көрсету болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қоғамның жарғылық капиталын осы қаулының 2-тармағына сәйкес қалыптастыруды;
      2) Қоғамның Жарғысын бектітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. "Акциялардың мемлекеттік пакетеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-132-жолымен толықтырылсын:
      "21-132."Астана қонақ үйі" АҚ".
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов                                                               

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.