Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мақта және одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты қорғау шараларын енгізу туралы

      «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 5601 21 100 0, 3005 90 100 0 кодтарымен жіктелетін мақтадан жасалған гигроскопиялық мақтаны және мақта мен одан жасалатын бұйымдарды әкелуге қатысты кедендік құнының 19%-ы, бірақ 1 кг үшін кемінде 2,8 евро мөлшерінде 3 жыл мерзімге қорғау баждары енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi кедендік декларациялау кезінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қорғау бажын алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртіппен мүдделі шет мемлекеттерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетін осы қаулының 1-тармағында көзделген қорғау шараларын Қазақстан Республикасының енгiзгенi туралы хабардар етсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.