Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
      156-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереженің 157 - 160, 160-2-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шығыстар түрлерін қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетілген тізбеге енбейтін ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 160-2-тармақпен толықтырылсын:
      «160-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы шеңберінде жасалған шарттар бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 75 пайызынан аспайтын мөлшерде жол беріледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.