Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.04.2019 № 213 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесінде:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жергілікті атқарушы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) маңдайша - сауда (жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету) субъектісінің эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъекті тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстар орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын оның атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат.";

      4 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:

      1) маңдайша;

      2) жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;

      3) жұмыс режимі туралы ақпарат;

      4) үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды.";

      "16. Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.