Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасында:
      32-тармақта:
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) люфтомер;»;
      5-тармақшадағы «аспабы.» деген сөз «аспабы;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) рульмен басқару және ілгіштің детальдарында люфтілерді тексеру тестілері.»;
      33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) М1 N1, О2 санаттары үшін білікке түсетін барынша жүктемесі 2 тоннадан кем емес;»;
      41-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:
      шу;
      пайдаланылған газдар;
      сұйықтықтардың ағуы.».
      2. Осы қаулының 1-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.