Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

«Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.27 N 982 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      1-тармақта:
      1) тармақша алынып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген телевизиялық (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.