Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Оралмандардың 2012 - 2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.03.2014 № 249 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оралмандардың 2012-2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасы әр күнтізбелік жылға саны 10 000 отбасыдан белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өзге де орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға 2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бейімдеу және кіріктіру қызметтерін, жеңілдіктер, өтемақылар, біржолғы жәрдемақылар, сондай-ақ әлеуметтік көмектің басқа түрлерін ұсынуды қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, 1 шілдеге және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есептерді ұсынсын.
      3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.