Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28-1 және 28-2-жолдармен толықтырылсын:
«
28-1
Азаматтық қорғау туралы
ТЖМ
Шілде
Тамыз
Қазан
В.В. Петров
28-2
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ТЖМ
Шілде
Тамыз
Қазан
В.В. Петров
»
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов