Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.10.2014 № 1119 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасында:
      «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4.4-бөлімдегі екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «2015 жылға қарай ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 70 %-ы қамтамасыз етілетін болады, оның ішінде: 2010 жылы – 48 %, 2011 ж. – 55,6 %, 2012 ж. – 60,8 %, 2013 ж. – 65 %, 2014 ж. – 70 %.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.