Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Алтын белгi" белгiсi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алтын белгi» белгiсi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 571-құжат) мынандай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Алтын белгi» белгiсi туралы ережеде:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) үлгiлi мiнез-құлық көрсеткен және негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларына немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша оқу кезеңiнде бiлiм берудiң негiзгi орта және жалпы орта деңгейлерiнде «5» деген жылдық және қорытынды бағалары бар;»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. «Алтын белгi» белгiсiмен оқушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын республикалық білім беру ұйымдарының, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының марапаттауға ұсынылатын оқушының осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгi туралы ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органының бұйрық шығаруы жолымен марапатталады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.