Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері" туралы 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 және "Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 8 қазандағы № 919 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Ереженің әрекеті сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.»;
      3-тармақ алынып тасталсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 715 қаулысына  
қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 8 қазандағы
№ 919 қаулысымен   
бекітілген       

Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.