Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6
Премьер-Министрдiң Кеңсесi
Премьер-Министрдiң орынбасары
1
2600
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы
1********
2600
Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының орынбасары
1********
2000
Алматы қаласында көлiк қызметiн көрсету
12
1
2600
Қонақтарға арналған
14
***
";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"********осы норматив, "Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің басшысы мен орынбасарларына да қолданылады";
2) "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесілiлiк табелінде:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Жедел
Жедел жұмыс iстеу үшiн
"Назарбаев орталығы" көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттiк мекемесi
2
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
К. Мәсімов