Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 794 қаулысымен.

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып белгіленсін.

      2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.