Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 – 2013 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 919 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2012 – 2013 жылдарға арналған жоспарында:
«1. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының (бұдан әрі – ЩБКА) туристік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар» деген бөлімде:
реттiк нөмiрі 19, 20, 21, 22, 23, 24 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
19
Щучье көлінің жағалауын абаттандыру (прокатқа беру және қоғамдық тамақтандыру объектілері бар велосипед, жаяу жүргіншілер және шаңғы жолдары)
Мемлекеттік сараптаманың (бұдан әрі – МС) оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі
ПІБ
2012–2013 жылдар
1 972,0
272,0
1 700,0
РБ
20
Бурабай көлі курорттық аймағының инженерлік инфрақұрылымын салу
МС оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі
ПІБ
2012–2015 жылдар
123,1
20,8
102,3
РБ
21
Бурабай көлі ауданындағы туристік маршруттарды жайғастыру (прокатқа беру және қоғамдық тамақтандыру объектілері бар велосипед, жаяу жүргіншілер және шаңғы жолдары)
МС оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі
ПІБ
2012–2014 жылдар
370,0
70,0
300,0
РБ
22
Бурабай кентіндегі демалу саябағын салу (жабық аквапарк және белсенді демалыс аймағымен)
МС оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі
ПІБ
2012–2014 жылдар
1 087,1
87,1
1 000,0
РБ
23
Мұздан ертегі қалашығын салу
МС оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі
ПІБ
2012–2013 жылдар
444,0
364,0
80,0
РБ
24
«Оқжетпес» шипажайының қосымша емдеу бөлімшесі бар 100 нөмірлік тынығу корпусын салу
МС оң қорытындысы, мемлекеттік комиссияның қабылдау актісі
ПІБ
2012–2014 жылдар
125,0
125,0
РБ
»;
«жиыны (24 іс-шара)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жиыны
(24 іс-шара)
4121,2
813,9
3307,3
»;
«2. ЩБКА экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі шаралар» деген бөлімде:
реттiк нөмiрі 40-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Шучье қаласының 4-ші кезектегі орамішілік су құбырлары желілерін салудың (93,08 км) МС бар жобалық-сметалық құжаттарын (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу»;
«БАРЛЫҒЫ» деген жолда:
6-бағандағы «13696,0» деген сандар «17817,2» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «3611,9» деген сандар «4425,8» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы «10084,1» деген сандар «13391,4» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов