Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде мыналар ескеріледі:

      1) көтеріліп отырған мәселелердің пысықталғандығы;

      2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі;

      3) нәтижелілігі мен тиімділігі (нақты түпкі нәтижесі көрсетіледі);

      4) орындалу мерзімдерінің шынайылығы;

      5) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      6) өзге тапсырмалармен қайталанудың жоқтығы.";

      32-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қаулы (өкім) жобасында тапсырмалық сипаттағы ережелер бар болған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Регламенттің 8-тармағының екінші абзацын басшылыққа алады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.