Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаражатты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 233 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
563 083
»,
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
«
11
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі
1 071 573
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов