Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орман ресурстарын есепке алумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілеттi орган) белгілеген тәртiппен бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            С. Ахметов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.