Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.06.2018 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 793-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 129-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
129
Көмірсутек шикізаты
Исатай
Каспий теңізі
с.к. 45037/ ш.ұ. 51030/
с.к. 45052/ ш.ұ. 51030/
с.к. 45052/ ш.ұ. 52000/
с.к. 45045/ ш.ұ. 52000/
с.к. 45045/ ш.ұ. 52015/
с.к. 45037/ ш.ұ. 52015/
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 129-1-жолмен толықтырылсын:
"
129-1
Көмірсутек шикізаты
Шағала
Каспий теңізі
с.к. 46000/ ш.ұ. 52000/
с.к. 46015/ ш.ұ. 52000/
с.к. 46015/ ш.ұ. 52030/
с.к. 46000/ ш.ұ. 52030/
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С. Ахметов