Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Білім беру» деген 4-функционалдық топта:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша:
      005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:
      мына:
      «





Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау бойынша 700 оқушылық орынға арналған аймақаралық кәсіптік оқу орталығын салу

108 696



»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «





Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау бойынша 700 оқушылық орынға арналған аймақаралық кәсіптік оқу орталығын салу

87 696



»;

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «





Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің 250 орындық жатақханасын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу

21 000



».

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.