Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.07.2013 № 697 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттары.
Р/с
№
Посттың атауы
Облыстың немесе қаланың атауы
Автожолдың атауы
1
2
3
4
1.
Бурабай
Ақмола
Астана - Петропавл, 253 км
2.
Еркін
Алматы
Алматы - Өскемен, 270 км
3.
Қарабұтақ
Ақтөбе
Самара - Шымкент, 965 км
4.
Қобда
Ақтөбе
Орал - Ақтөбе, 618 км
5.
Семей
Шығыс Қазақстан
Омбы - Майқапшағай, 757 км
6.
Ақжайық
Батыс Қазақстан
Орал - Атырау, 126 км
7.
Молодежный
Қарағанды
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км
8.
Жезқазған
Қарағанды
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км
9.
Қарабалық
Қостанай
Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, 422 км
10.
Ақтай
Қызылорда
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км
11.
Бейнеу
Маңғыстау
Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км
12.
Ленинский
Павлодар
Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км
13.
Мамлютка
Солтүстік Қазақстан
Челябинск - Новосибирск, 496 км
14.
Шақпақ Баба
Оңтүстік Қазақстан
Алматы - Ташкент, 594 км
15.
Қызыл Жар
Астана қаласы
Екатеринбург - Алматы, 1281 км
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов