Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
      «1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде:
      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Туризм басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)
      24. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары)»;
      «2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген бөлімде:
      24-тармақ алынып тасталсын;
      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Туризм басқармасы
      26. Дене шынықтыру және спорт басқармасы».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов