Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 20.07.2017 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 818-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Ұйымдардың басшылары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскерге шақыру жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды ұсынады.

      10-2. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол бар болған кезде), туған күні мен жерін ауыстырғаны туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғанын тіркеу жағдайлары туралы хабарлайды.

      10-3. Халықты әлеуметтік қорғау органдары жеті жұмыс күнінің ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ЖӘБО-на мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлайды.";

      64-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

      "64-1. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен алу туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО-сына беріледі.".

      2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.