Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын бақылау жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар ай сайынғы негiзде, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде «Жобаларды басқарудың ақпараттық-талдамалық жүйесі» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – жобалық офис) есептік нысандарын толтыруды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы мынадай мазмұндағы реттiк нөмірлері 38-1, 38-2, 38-3, 38-4, 38-5-жолдармен толықтырылсын:
«
38-1.
Каустикалық сода, үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
Жамбыл облысы
«Бірлескен химия компаниясы» ЖШС
2013 – 2015 ж.ж.
2 550
38-2.
Көмір химиясы өнімдерін өндіретін зауыт және көмір шығаратын разрез құрылысы
ИЖТМ, Қарағанды облысының әкімі
Қарағанды облысы
«АРБАТ» БК» ЖШС
2013 – 2019 ж.ж.
300
38-3.
Nomad модельіндегі Ssang Yong маркалы автомобилдерін CKD әдісімен (ұсақ тораптық) жинақтау өндірісін құру
ИЖТМ, Қостанай облысының әкімі
Қостанай облысы
«Сарыарқа АвтоПром» ЖШС
2012 – 2014 ж.ж.
1 640,4
38-4.
Қызылорда қаласында табақ шыны өндіретін зауыт салу
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
Қызылорда облысы
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС
2013 – 2015 ж.ж.
1 063
38-5.
Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен 500 кВ желісінің құрылысы
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)
Өңiраралық жоба
«KEGOC» АҚ
2011 – 2017 ж.ж.
282,73
»;
реттiк нөмірлері 55, 56 және 57-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов