Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2017 № 318 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Кенжебаев
Арман Жанатбекұлы
–
"Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Айдарбеков
Бауыржан Тілеужанұлы
–
"Абырой" авторлық қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)
Блиев
Әсет Асылбекұлы
–
"Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);
мына:
"Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
–
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жақсылықов
Тимур Мекешұлы
–
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi";
көрсетілген құрамнан Дархан Әзімханұлы Әзімхан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С. Ахметов