Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:
Тоқтабаев
Тимур Серікұлы
-
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы,
Құсайынов
Марат Әпсеметұлы
-
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы
-
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) енгізілсін;
көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:
Қарабалин
Ұзақбай Сүлейменұлы
-
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға,
Құсайынов
Марат Әпсеметұлы
-
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамдардан: Еркен Исаханұлы Жақатаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
C. Ахметов