Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «МЖЗҚ» АҚ) акцияларының мемлекеттік пакетін заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
2. «МЖЗҚ» АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «БЖЗҚ» АҚ) болып қайта аталсын.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 193 қаулысымен.
4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 193 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 102-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«102. АЛА-005033 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ»;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 шілдедегі
№ 747 қаулысымен
мақұлданған
Ескерту. Іс-шаралар жоспары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 193 қаулысымен.