Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Yкiметiнiң 29.09.2016 № 546 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамына:

Қазақстан тарапынан:



Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

–

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы енгізілсін;


      Кеңестің құрамынан Дәулет Еділұлы Ерғожин, Ерлан Қартайұлы Хаиров шығарылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Кеңестің жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктеледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.