РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11.
Дьюар ыдысы
Көлемі 35 литр.
Дьюар ыдысы
Көлемі 6 литр.
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15.
Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ)
Автомашина, сыйымдылығы
500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) мынадай негізгі бөліктерден тұруы тиіс: цистерна, дезинфекциялық сұйықтықтарға арналған бактар, керек-жараққа арналған жәшіктер, жұмыс ерітіндісін қыздыру жүйесі, қысым құбыры, қабылдау-тарату құбыры, компрессорлық қондырғы.
».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов