Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Субсидиялауға ішкі банктік лизинг, ішкі толық лизинг, ішкі таза лизинг жатады.»;
      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып энергия шығаруға арналған қондырғылар мен отандық және шетелдік өндіріс желсорғылары;».
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов