Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 35, 427-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі есебіне және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.