Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 780 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 35, 382-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ұсынылған селекциялық жетістік атауының дұрыстығын тексеруді мемлекеттік комиссиялар сараптамалық ұйымнан өтінім материалдары келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде жүзеге асырады.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер көрсетілген мерзім ішінде өтінім беруші көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса не апелляциялық кеңесте селекциялық жетістіктің атауын мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.