Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.02.2016 № 114 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі лицензиар болып айқындалсын.»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «


автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері

Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады

                                                                   ».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.