Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5518 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы

      Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5518 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6699 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - мекеме) одан бөлу арқылы қайта ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-2-жолмен толықтырылсын:
      «77-2. 6699 әскери бөлімі.».
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.