Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 729 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 729 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.