Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 16, 254-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «68. Жеке кіретін есік ұйымдастыру және оның маңындағы аумақты қоршау арқылы ауылдық елді мекендердегі мектептердің салынып жатқан ғимараттарына медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерді жапсарлас салуды қоспағанда, объектілердің аумағында олардың қызметімен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді.»;
      326-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Инклюзивтік сыныптарды (топтарды) жиынтықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың (балалардың) дені сау құрбыларына қатысты арақатынасы үш адамға біреу болып есептеледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.