Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау тетігін пысықтау, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр жүйесіндегі электр энергиясын өндіру-тұтынудағы теңгерімсіздіктің нақты шамаларын айқындау, реттеуші қуатқа қажеттілігін нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясының бағалар ауқымын айқындау мақсатында теңгерімдеуші нарықтың жұмысы 2016 жылға дейін имитациялық режимде жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.