Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымында:
      «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі» деген бөлімде 20-тармақ алынып тасталсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы қорытынды ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.