Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң        
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).