Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.06.2022 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 165 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61, 62, 63, 64, 65, 66-жолдармен толықтырылсын:
"
61.
Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
35-ке дейін
62.
Кувейт Мемлекеті
35-ке дейін
63.
Швеция Корольдігі
40-қа дейін
64.
Мексика Құрама Штаттары
40-қа дейін
65.
Вьетнам Социалистік Республикасы
40-қа дейін
66.
Оңтүстік Африка Республикасы
40-қа дейін
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Мәсімов