Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарларын, жұмыстарын, қызметтерін қылмыстық-атқару жүйесінің органдары сатып алатын түзеу мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ оларды өндіретін, орындайтын, көрсететін түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Сүт, сүт өнімдері
тонна
900
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 276, 277, 278-жолдармен толықтырылсын:
«
276
Дезинфекциялау құралдары
литр
600000
277
Шырындардың ассортименті
литр
200000
278
Кеңсе қағазы
кг
100000
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов