Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттаманы бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданысын тоқтату туралы хаттама бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2014 жылғы 5 тамыздағы  
№ 874 қаулысымен     
бекітілген        

2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің
кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және
көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың
қолданысын тоқтату туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,
      ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің халықаралық-құқықтық базасын одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарларды және көлік құралдарын кедендік бақылау туралы хаттаманың қолданылуы тоқтатылсын.

2-бап

      Осы Хаттама, оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді.
      2010 жылғы «21» мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінде сақталады, оның расталған көшірмесі әрбір Тарапқа жіберіледі.

         Беларусь                Қазақстан               Қырғыз
    Республикасының           Республикасының       Республикасының
       Үкіметі үшін              Үкіметі үшін         Үкіметі үшін

                     Ресей                   Тәжікстан
                Федерациясының            Республикасының
                Үкіметі үшін               Үкіметі үшін

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.