Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормалары мен телефон байланысын пайдалану үшін тиесілілік нормалары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 335 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 349-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың ерекше үй-жайларына арналған алаңдар нормалары мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 93-жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына арналған ерекше үй-жайлар
93
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу)
ш.м.
300
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіруді есепке алу)
100
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу)
400
Арнайы қорлар бөліміндегі мұрағаттық ақпаратты сақтауға және беруге арналған үй-жай
500
Аумақтық, Астана және Алматы қалаларындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары оның ішінде:
300
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (тегі бойынша есепке алу)
60
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (іздестіруді есепке алу)
20
Картотеканы сақтауға арналған үй-жай (дактилоскопиялық есепке алу)
70
Арнайы қорлар бөлімінде мұрағаттық ақпаратты сақтауға және беруге, қысқартылған қылмыстық істерді сақтауға арналған үй-жай
150
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов