Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру мақсаты үшін облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға, астанаға, аудандарға және облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берілетін кодтардың тізбесінде:
      «Алматы қаласы - 20» деген бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Наурызбай 322».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов