Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1453 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ әділет органдарынан және нотариустардан шығатын өзге де ресми құжаттар бойынша;
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - өзінің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттар бойынша;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - дәрменсіздігі туралы конкурстық іс қозғалған заңды тұлғалардың берешекті төлеуіне байланысты мемлекеттік органдардың сұрау салуы мен азаматтардың өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың резиденттігін растайтын құжаттар немесе осындай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері бойынша;
      Қазақстан Республикасы-Мәдениет және спорт министрлігі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері бойынша;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыруға байланысты құжаттарды қоспағанда, өзінің құзыретіне жататын құжаттар бойынша;».
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы жасасқан жоғарыда аталған конвенциялардың депозитарийлерін осы қаулымен енгізілетін өзгерістер туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.