"Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.07.2019 № 501 қаулысымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1620 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 75-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 23-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Мәсімов
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 23.07.2024 № 591 қаулысымен.
1
2
3
1-сынып – "қызметке берілетін рұқсаттар"
1.
Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат беру
Виртуалды ұялы байланыс операторына рұқсат
4-сынып – "ресурстары шектелген немесе квоталар пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар"
2.
Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді бөліп көрсету, сондай-ақ оларды алып қою
Нөмірлер бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы бұйрық
3.
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат