Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 652 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 335-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу ережесінде:

      2-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс. Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.