Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.07.2023 № 560 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерінде:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      өндіріп алу сомасы - атқарушылық құжатта көрсетілген ақшалай талаптың не өндіріп алушы мәжбүрлеп орындатуға ұсынған ақшалай талаптың бір бөлігінің мөлшері.

      Егер мүліктік сипаттағы атқарушылық құжат ішінара орындалса, онда жеке сот орындаушысына оның қызмет ақысының өндіріп алынған сомаға немесе мүлік құнына пропорционалды бір бөлігі ғана төленеді.

      АЕК - "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.