Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әрбір тоқсанда бір реттен сиретпей қатарынан үш салық кезеңі бойы жүзеге асырылатын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тұрақты өткізуге жатады. Бұл ретте, көрсетілген салық кезеңдерінің әрқайсысында осындай өткізу тұрақты өткізу болып танылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.